«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Талсуат елді мекенінде орналасқан Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды. Ол мұнда ем қабылдап жатқан ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

