10 Май 2026, Вс

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ЖАСЫРЫП КЕТУШІНІ ҰСТАДЫ

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 жастағы ер адамды Тараз қаласында есірткі заттарын «жасырын жерге қою» сәтінде ұстады. Күдіктіні жеке тінту кезінде жалпы салмағы 14,13 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған 30 орама тәркіленді.