Жамбыл облысында ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, қазақи той мәдениетін қалыптастыруды көздеген «Той мәдениеті – ұлт мәдениеті» жобасының 2025 жылғы қорытынды кеші өтті. Тараз төрінде бас қосқан зиялы қауым мен өнер адамдары бір жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстарды саралап, рухани жиынның маңызына тоқталды. Шара шымылдығы Сарысу ауданы өнерпаздарының «Той. Махаббат. Өмір» атты мағыналы қойылымымен басталды.

