Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Токио қаласында 15-25 қараша аралығында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел мерейін асқақтатқан өңір спортшыларымен кездесті. Биылғы Сурдлимпиадада Қазақстан намысын 8 спорт түрі бойынша 78 спортшы қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Жүлделер саны бойынша еліміз 81 мемлекеттің ішінде үздік ондықтан көрініп, 9-орынды иеленді.

