Қызылордада жекпе-жек спорты қарқын алып келеді. Соның бір дәлелі – облыстық жекпе-жек сайыс федерациясының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық турнир. Дәстүрге айналған бұл бәсекеге жалпы 14 команда, 250 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

