Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толық есеп берді. Брифингте Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау және ауданға миллиардтаған жеке инвестицияларды тарту басты тақырып болды.

