Бүгін Қызылордада Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, «Қазақстан халқына» қоры және «Қамқорлық» корпоративтік қорының басшылығы қатысты.

