Бүгін – тек Сыр өңірі үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды күн. Экономиканың тірегі саналатын отандық жол инфрақұрылымын дамыту тарихында жаңа кезең басталды. Көп жылдан бері ел күткен, жүргізушілер мен жолаушылар армандаған «Қызылорда–Жезқазған» автожолы ресми түрде пайдалануға берілді.

