Тараз қаласында 2008–2009 және 2010–2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға еліміздің барлық өңірлерінен жүздеген спортшы қатысып, өз салмақ дәрежесінде мықтылығын дәлелдеуге тырысты. Сайысқа Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы қатысты.
