20 Апр 2026, Пн

СТУДЕНТТЕР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АГЕНТІН ЖАСАДЫ

Жасанды интеллект технологиялары енді тек ірі корпорациялардың құзырындағы құрал емес. Оны қазір Жамбыл облысының студенттері де белсенді меңгеріп келеді. Тараз қаласында «Адам және жасанды интеллект: цифрлық болашақтағы серіктестік» атты облыстық байқау өтіп, жас мамандар цифрлық кейіпкерлер мен пайдалы ЖИ-агенттер құруда өзара сынға түсті.