20 Апр 2026, Пн

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ӨСІМ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРДІ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің даму барысын таныстырып, негізгі көрсеткіштер мен жаңа өсу нүктелеріне тоқталды. Облыс әкімінің айтуынща, 2025 жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша аймақ экономикасы 9,8% деңгейінде нық өсім көрсеткен.