Қызылордада оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шаралар жалғасуда. Осы мақсатта облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында арнайы қауіпсіздік сабақтарын тұрақты түрде өткізіп келеді. Бүгін дәл осындай шараның бірі Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған 150-ден астам оқушы қатысты.

