22 Апр 2026, Ср

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Қызылордада кең көлемді экологиялық акция өтті. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ұйымы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі және облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірігіп, Сырдария өзені жағасын және сол жағалаудағы аспалы көпір аумағын қоқыстан тазартты. Тазалықпен қатар жастар бүлінген қабырғалардағы вандализм мен есірткі жарнамалары жазылған орындарды өшірді.