21 Апр 2026, Вт

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ?

Елімізде жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер кеңінен талқылануда. Осы мақсатта Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері бірқатар маңызды өзгерістерді атап өтті. Мамандардың айтуынша, алдағы жаңашылдықтар кәсіпкерлікке түсетін жүктемені азайтуға, салық рәсімдерін жеңілдетуге және қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған.