Су ресурстары тапшылығының артуы, әсіресе Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, аграрлық сектордың дамуын айтарлықтай шектеп отыр. Суды тұтынудың қысқаруы елдегі тұрақты суармалы жер көлемінің екі есеге азаюына әкелді. Суға деген қажеттілік табиғи әлеуетті толық іске асыруға мүмкіндік бермей, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді тиімді шешуді тежейді.

