Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кезекті сауда-саттық шарасы Ясауи мөлтек ауданында өтті. Аптаның әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңкеде азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 30–50 пайызға дейін төмен бағамен ұсынылды.
