2025 жылдың 15 қазанында Түркістан қаласында жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген кездесу өтті. Іс-шара Конгресс-хол ғимаратында ұйымдастырылды. Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов басшылық жасап, салық жүйесін жетілдіру бағытындағы реформалардың маңыздылығын атап өтті.
