Кентау қаласында зағип жандар арасында шахмат ойыны кеңінен дәріптеліп келеді. Ерекше жандарға арналған бұл спорт түрі арнайы Брайль үлгісіндегі тақтада ойналып, ойыншылар пішіндерді қолымен сезу арқылы жүріс жасайды. Қалада шахматқа қызығушылық танытқандардың қатары жылдан жылға көбейіп отыр. Осы бағытта жергілікті команданың капитаны Нұрлан Мелдібаев пен ойыншы Асан Мамаджанов ерекше белсенділік танытып жүр.
