Жібек жолы ауданы биылғы күзді ерекше көңілмен қорытындылады. Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде «Үлгілі аула, таза көше» байқауы мен екі айлық санитарлық тазалық жұмыстарының қорытындысы жарияланды. Шараға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысып, тазалық пен тәртіпті насихаттауда тұрғындардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті. Бұл бастаманың мақсаты – аула мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды өз ортасын абаттандыруға ынталандыру.

