Соңғы кезде жасөспірімдер арасындағы буллинг пен суицид оқиғаларының жиілеуіне байланысты, бүгін Тараз қаласындағы №48 орта мектептің төрінде маңызы зор басқосу өтті. Қала басшылығының оқушылармен тікелей диалогына қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты. Бұл сұхбаттың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында жоғары құқықтық сананы қалыптастыру, сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қудалау мен суицидке дейін жеткізудің алдын алу бойынша тиімді профилактикалық жұмыстар жүргізу болды. Бұл тек кездесу емес, бұл – сенім мен жауапкершілікке толы диалог еді.

