21 Апр 2026, Вт

«ANTIPARACRAFT-2025» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

«Достық» үйінде «Antiparacraft-2025» атты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік сайыс өтті. Шараны қалалық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Сайысқа облыстың барлық аудандарынан 18 бен 35 жас аралығындағы белсенді жастар, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер қатысты.