Бүгінгі таңда қоғамдық тыныштықтың тұтқасы – неке мен отбасы институтының беріктігінде. Алайда, өмірдің сан-қилы сынағында әлеуметтік қиындықтарға тап болып, көмекке мұқтаж жандар аз емес. Осындай нәзік сәттерде жылылық пен қолдау қажет. Осы ізгі мақсатпен, Тараз қаласының төрінде отбасының қорғаны мен қорғаушысы болатын мемлекеттік мекеме жұмыс жасауда. Бұл отбасын қолдау орталығы. Аталмыш мекеме – қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын түзеп қана қоймай, қасиетті отбасылық құндылықтарды сақтап қалуға бағытталған үлкен үміт пен сенімнің қадамы.

