Жамбыл облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан басталады. Дәстүрлі түрде елдің барлық өңірінде өтетін бұл акция биыл «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» деген ұранымен 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жалғасады.

