Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы аудандық мәслихат төрағаларының есеп беру дәстүрін қайта жаңғыртты. Брифинг барысында Отырар, Жетісай және Мақтаарал аудандарының мәслихат өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары алдында сайлауалды уәделердің орындалуы мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
