1 Ноя 2025, Сб

ЕРІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ – МҰХАМЕДӘЛИ ҚҰРАЛБЕК

«Самғау» оңалту орталығының тәжірибелі қызметкері Мұхамедәли Сәбитұлы Құралбек – өмір сынағына мойымай, қайсарлықтың, табандылықтың және адал еңбектің айқын үлгісін көрсетіп жүрген жан. Көру қабілетінен айырылу – кез келген адам үшін үлкен сынақ. Алайда Мұхамедәли мырза бұл қиындыққа берілмей, өз жолын таба білді. Ол «Самғау» орталығында кәсіби массаж маманы ретінде қызмет етіп, көптеген адамның денсаулығын қалпына келтіруге, өмірге деген сенімін арттыруға көмектесіп келеді.