Қызылорда облысы жылдан жылға көркейіп келеді. Мұны Сыр еліне келген еліміздің Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың өзі растады. Жұмыс сапары кезінде шаһардағы бой көтерген су жаңа нысандарды көріп, тамашалаған мемлекет басшысы Қызылорданың тазалығына да арнайы тоқталып кеткен болатын. Қалалық маслихатта өткен жиында Қызылорданың дамуына үлесі бар мемлекеттік қызметкерлер қала мен облыс әкімдерінің марапаттарына ие болды.

