"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

Тәртіп сақшысы тоғыз жасар баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды

Оқиға қазанның он сегізі күні болған. Сабақтан келген жеткіншек үлкендер жоқ кезде өздігінен тамақ пісірмек болыпты. Газды тұтатқанда аяқ астынан от лап ете қалған. Оқыс жағдайдан шошынып қалған ол жуынатын бөлмеге барып тығылған. Алаулап жанған өрттен үйдің ішін түтін басқан. Сол кезде оқиға орнына келген тәртіп сақшысы есікті бұзып ішке кіріп, жанып жатқан үйден баланы алып шыққан. Артынша өрт сөндіруге кіріскен. Балақайды құтқарған тәртіп сақшысының есімі – Нарқұлан Дәулетхан. Нарқұлан Дәулетхан, Қапал ауылының учаскелік полиция инспекторы: – Біздің міндетіміз – адамның өмірін сақтап қалу, құқығын қорғау. Мен өзімнің істеген ісімді ерлік деп санамаймын. Өйткені бұл менің орнымда болған әр азаматтың қолынан келетін іс деп білем. Қазір оқушының жағдайы жақсы. Жапа шеккен отбасы үйін қалпына келтіріп жатыр. Сәуле Байғонова, Қапал ауылының тұрғыны: – Бес ұлымыз бар. Соның ішіндегі кенжеміздің өмірін сақтап қалған азаматқа алғысымыз шексіз. Осы жылы облыс полицейлері әртүрлі жағдайға душар болған алты адамды құтқарды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *