Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Тараздағы ұялы байланыс операторының ғимаратына жарылғыш құрылғыны қойып кеткенін хабарлаған күдіктіні ұстады. Шұғыл түрде Жамбыл облысы Полиция департаментінің арнайы саперлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаменті, Төтенше Жағдайлар Департаменті қызметкерлерімен аталған орталық ғимараты тексеріліп, ешқандай жарылғыш зат анықталмады.