6 Май 2025, Вт

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІРДІ ҚАҒАЗБЕН ЖАУЫП ҚОЙҒАН ЕР АДАМ ЖҮРГІЗУШІ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады. «Sitrak» маркалы көлігі «Батыс Еуропа — Батыс Қытай»  республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізуші мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастағаны анықталды. Ол тауарды Ташкент қаласынан Алматы облысына тасымалдаушы екен.