5 Сен 2025, Пт

ЖАС САРБАЗДАРДЫҢ ӘСКЕРИ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУІ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскеріне күзгі шақырылымынан жас сарбаздар келіп қосылды. Әскери бөлімшелерде оларды командирлер мен олардың орынбасарлары жылы қарсы алды. Мұндағы негізгі мақсат – сарбаздарға алғашқы күндерден бастап оң көңіл-күй сыйлап, бейімделуге көмек көрсету болып табылады. Жас сарбаздардың дұрыс әсер алуы мен оң көзқарасы олардың жаңа ортаға тез үйренісіп, әскери білім мен дағдыларды меңгеруге ынталануына ықпал етпек