13 Май 2025, Вт

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢЫНДА НЕНДЕЙ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛМАҚ?

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Облыста 2023-2024 жылғы оқу жылында 12 мыңнан астам түлектер мектеп қабырғасымен қоштаспақ. 11 сынып түлектері 11 жыл бойы бойына сіңірген өнер-білімдерін  алдағы күндері жақындарымен қуана бөліспек. Биылғы оқу жылының соңында нендей өзгерістер орын алмақ? Бұл туралы баспасөз алаңында басқарма өкілдері баяндады.