Жуалы ауданында жастарға үлгі болып танылатын тұлғалардың басын қосып «Ғұмыры ғибратты тұлғалар» атауымен іс-шара ұйымдастырылды. Аталған жиында жазушы, журналист Доқтырхан Тұрлыбек, сатирик Толымбек Әлімбекұлы, жазушы Талғат Сүйінбай, журналист Талғат Айтбай сынды елдің мақтаныштары шығармашылық кештерін өткізді.