1 Июн 2025, Вс

ДІННІҢ ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РӨЛІ

Адамды тəрбиелеп, оны орынды əрекеттерге аяқ бастырып, өзін тануға, өзінің жақынын тануға, тіптен өзгені өзіндей сезінуге ерекше əсер беретін – ол дін. Сондықтан адам діннің құдіреттілігін бағалай білуі шарт. Қоғамдық дамуда діннің кері əсері жоқ, керісінше, адамдарға адамшылдық қасиеттердің қалыптасуына ерекше мүмкіндік беретін құбылыс. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Ал жастар болса коғамның негізгі қозғаушы күші.