Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны «ХҚКО» қосымшасы арқылы онлайн жасай алады. Бүгінде емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға қосымша арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл жайлы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жауапты сала өкілдері айтты.