Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті. Балалар игілігіне беріліп жатқан жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев табыстады.