«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды жүргізу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев шараға қатысып, Күйік асуында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың барысымен танысты.