«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев оқу-жаттығу жиынының өту барысын бақылады.