Бүгін орталық алаңда «Көктем-2024» оқу-жаттығу жиыны өтті. Көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған шараға 10 мемлекеттік мекмеден 80-нен аса маман мен 32 техника жұмылдырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, жедел дайындық жасағының дайындығын тексерді.