Биыл облыс инвестиция тарту бойынша жоспарын орындай алмайды. Өйткені аймақтың 5 ауданы бұл бойынша жөнді жұмыс жүргізбеген. Облыс әкімі ауданбасыларға негізгі өнімділік көрсеткіштері бойынша жұмыс жүргізуді жүктеймін деп осыны біліп айтса керек. Міне, енді келесі жылдан бастап, әр әкім ауданына инвестиция әкелмесе, жағдайы мәз болмайтын түрі бар. Қысқасы, пайдасы жоқ жиынға қатысқанын жұмыс деп санайтын әкімдер келесі жылдың басынан бастап, шапқылап инвестор іздеуі, ауданның әлеуетін көтеру үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс жасауы керек. Ал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аудит жұмыстары жүргізіледі. Грант үлестіру, мемлекеттік берілген қолдаулар жіті тексеріледі. Бүгінгі әкімдіктің кеңейтілген мәжілісіндегі түйін осы. Толығырақ тілші материалы.
Добавить комментарий