БИЫЛ ЖАСЫЛ ЕЛ ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНА 2 МЫҢНАН АСА ЖАС ҚАМТЫЛДЫ
1 min read
Жамбыл облысында 258 мыңнан астам жас болса, олардың 161 378-і ауылдық елді мекенде тұрады. Өңірдегі 232 283 жас оқиды, жұмыс істейді, өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Жүргізілген талдаудың нәтижесі 25 881 жастың жұмыссыз екенін көрсетті. Мұның ішінде 9 433 жұмыссыз, NEET санатындағы жастардың дерек базасы мен әлеуметтік портреті жасақталды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы айтты.