Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Өңірдің бас ұстазы білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.