Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданына барды. Өңір басшысы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы алдымен Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепке ат басын бұрып, білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, қос қабатты оқу ошағында жылыту жүйесі автономды, қатты отынға ынғайластырылған.