Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Жамбыл облысының аумағында орман және дала өрттеріне байланысты төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ірі табиғи өрттерді жою барысындағы іс-қимылдарға күштер мен құралдарды жұмылдыруды тәжірибе жүзінде пысықтау болып табылады.