Ерекше режимдегі түзеу мекемесінде Наурыз мейрамы ерекше аталып өтуде
1 min readЖамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде де ұлттық ұлық мереке, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына әр күні өзінің ерекшелігіне орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. 3 күн бойы ұласатын іс-шарада сотталғандар арасында мәдени-бұқаралық және спорттық жарыстар өткізіледі. Салтанатты жиын болып өтіп, мейрамның шымылдығы түрілді. Одан соң, футбол турниріне ұласты. Әр жасақтың командалары қатысып ойындар өте тартысты өтті. Турнирдің әр жасақ командалары марапатқа ие болды. Сонымен қатар сотталғандар арасында «шахмат», «дойбы», «үстел теннисі», «караоке», «үздік плакат конкурсы», «арқан тартыс», «армреслинг» және «кір тасын көтеру» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылмақ. Көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы мейрамның шырайын кіргізіп, ұлттық салт-дәстүрлерден сахналық қойылымдар көрсетіледі. Мерекелік жиынға белсене атсалысқандар марапатсыз қалмайды.
Қазір мекемеде 800-ден астам сотталған азаматтар жазасын өтеп жүр. Олардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған. Еңбегіне қарай жалақы алады. Ал, бұл өтіп жатқан шара олардың жігерлерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек.
Біз Наурызды мереке деп емес, біз оны мейрам деп тойлаймыз. Себебі, бұл мейрам әлемдік деңгейде тойланатын думанды іс!!!
ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ бастығы
әділет капитаны М.Құрманқұл