21 Апр 2026, Вт

?ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚЫЛМЫС

https://www.facebook.com/reel/829335646567478

?Елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жалғасуда. 25 қарашадан бастап, 10 желтоқсанға дейін республика аумағында маңызы зор акция басталады. Бұл — «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» атты халықаралық науқан. Акцияның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғам назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару және жәбірленушілерге тиімді көмек көрсету жүйесін қалыптастыру.

?Биылғы акцияның ұраны – «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет». Осы орайда, құқық қорғау органдары қоғамда зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттерге иммунитет қалыптастыру үшін кешенді жұмыстарды қолға алмақ. Айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрлігінің жанынан 2024 жылдың 4 қазанында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылды. Қазір облыс бойынша мамандандырылған бөлімшелер қызмет атқаруда.

?Профилактикалық іс-шаралар арқылы құқық қорғау органдары өскелең ұрпақтың санасына тәртіпті, абыройды және ең бастысы, құқықтық жауапкершілікті сіңіруді басты мақсат етіп отыр. Бүгінгі қоғам -тұрмыстық зорлықты тек кикілжің емес, ауыр қылмыс ретінде қабылдауы тиіс. Біздің әрқайсымыз зорлық-зомбылыққа жол берген тұлғаларға қатысты «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстанып, осы мәселеге деген түсінігімізді өзгертуіміз қажет. Заңдылық пен өзара құрмет орнаған қоғам – біздің ортақ болашағымыздың кепілі.