Жаз мезгілінің басталуымен Қызылорда облысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мамандар азаматтарды рұқсат етілмеген аумақтарда шомылмауға шақырады. Ал өрт қауіпсіздігі бағытында тұрғын үйлерде профилактикалық шаралар күшейтіліп, әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылған.

