23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Қызылорда қаласында «КІТАП QALA» атты ерекше әдеби жоба ұйымдастырылды. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қолға алған «әдеби автобус» бастамасы қала тұрғындарына рухани азық сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды көздейді. №11 бағыттағы қоғамдық көлік бұл күні жолаушылар үшін жылжымалы әдеби алаңға айналды.

