21 Апр 2026, Вт

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Күні кеше қаладағы мәдениет ордасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «Ер қару – бес қару» атты фестиваль өтті. Дүбірлі думан Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ұйымдастырып, шаһар жастарының басын қосты. Басты мақсат – ұлттық құндылықтарды жаңғырту, өскелең ұрпақтың спортқа ықыласын арттыру әрі салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.