Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада үстел теннисінен облыс әкімінің кубогына арналған облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Теннис орталығында өткен жарыс Қызылорда облысының үстел теннисі федерациясымен бірлесіп өткізілді. Дәстүрлі спорттық додаға өңірдің барлық аудандарынан келген тәжірибелі әрі жас спортшылар қатысты.

