Түркістан облысының заманауи келбеті қалыптасып, өңірде халық көп жиналатын нысандар саны артып келеді. Осы орайда, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру — уақыт талабы. Түркістан қаласы мен облысқа қарасты аудандардағы ірі сауда орталықтары мен тамақтану орындары күнделікті жүздеген адамды қабылдайды. Сондықтан, кез келген төтенше жағдайдың алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Бұл ретте басты назар — өрт бола қалған жағдайдағы іс-қимыл жоспары мен эвакуациялық жолдардың қолжетімділігіне аударылады.

